Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Димаш Құдайберген Лондонда жеке концертін береді

Димаш Құдайберген Лондонда жеке концертін береді

Димаш Құдайберген Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Лондонда алғашқы жеке концертін өткізеді. Концерт Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Керемет шоудың куәсі болып, Димаштың үздік концертін тамашалағысы келетіндер www.BiletiAstana.kz сайтында тіркеле алады. Әрбір тіркелген көрермен Лондондағы Димаштың концертіне RSVP төсбелгісін ала алады. Тіркелу ақылы. Барлық кірістер Қазақстанның жас таланттарының беделді халықаралық жарыстарға қатысуына көмек ретінде жұмсалады. Бұл туралы, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы facebook парақшасында хабарлады.

Концерт жайлы Димаш өзінің инстаграмм парақшасында былай деп жазды:
«Құрметті достар! ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және Ұлыбританиядағы ҚР елшілігінің қолдауымен өтетін Англиядағы жеке ән кешімде көріскенше асықпын. Ұмытылмас күн болатынына сенемін! Барлық ақпарат кейінірек».

DQ символдық атауы бар шоу 2018 жылдың, 19 қарашасында Лондондағы ең беделді «Royal Festival Hall» концерт залында өтеді.