Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Арсауға

Арсауға

Ұлттың ары дегенде алдымен ойымызға тіл мен діл, әдебиет пен тарих, дін мен дәстүр секілді көнермес құндылықтар оралады. Ғасырлар сынынан өтіп, өміршеңдігін сан рет дәлелдеген сол қастерлі құндылықтарымыздың қазіргі халі нешік? Қимасын құрбан ете жүріп құндылықтарын қорғаған қаһарман ұлттың бүгінгі буынының аңсары қандай? Қазақ радиосындағы «Арсауға» хабарының кезекті санында осы сұрақтардың төңірегінде сөз қозғалды.

Хабардың «Сұрақ-жауап» айдарына келіп түскен сауал: Егеменді ел болғанымызға ширек ғасырдан асты, бірақ, ұлт тарихы осы шектеулі мерзіммен өлшенбейтіні айқын. Осы орайда, Қазақстанның әлем тарихындағы орнына қалай баға берер едіңіз? 

Иә, қазақтың тарихы да, тәуелсіздігіміздің тарихы да екі он жылдықтан аз ғана асатын уақытпен өлшенбейді, 27 жыл біз үшін шартты мерзім. Шын мәнінде біздің егемендігіміз өз бастауын тарих тереңінен алатыны баршаға белгілі. Тәуелсіздігіміздің тарихында сонау сақтар мен ғұндар дәуірінен басталып, түрік қағанатында жалғасын тапқан, кешегі қазақ хандығы тұсында кемеліне келген егемен ел, азат мемлекет жолындағы күрестердің ізі сайрап жатыр.  

Жоңғар, қалмақтармен 150 жылдық шайқаста ел қорғаған ерлердің, XVIII-XIX ғасырларда ұлт азаттығы жолында күрескен қаһармандарымыздың, кешегі желтоқсан құрбандарының әрбірі бүгінгі егемендігімізге өлшеусіз үлес қосты.  

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.