Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ елі Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ елі Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салды

Қазақстан халқы Алматыда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі қаламгер, жазушы, журналист Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салуға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жазушымен бақұлдасуға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қаламгерлер, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді. 

"Бір кем дүние деп шырылдап өткен Алаштың арысы Шерағаңды ақтық сапарға шығарып салуға жиналып отырмыз. Бұл - баршамызға ортақ орны толмас қаза. Шерхан Мұртазаның еңбектері ел тағдырымен тамырлас. Сонымен қатар ол кісі ортамызда отырған көптеген азаматтардың рухани ұстазы болған", - деді ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 


Мəдениет министрі өз сөзін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатымен жалғады.

«Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Сонау Теміртаудағы еңбек жолымның тікелей куәсі болған ол Тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаған жылдарда да жанымда жүріп, елді ілгерілету ісіне зор үлес қосты. Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», - деді А.Мұхамедиұлы көңіл хатты оқи келе.


Қазақстанның белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 9 қазан күні шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан 86 жасында қайтыс болған еді.


Суреттер ҚазАқпарат сайтынынан алынды.