Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тиімді демалыс

Тиімді демалыс

Сенбі-жексенбі күнгі демалысыңыз тиімді өтсін десеңіз, келесі ақпаратқа назар аударыңыз.


АСТАНА:

 Ах Астахова Астанада⠀ ⠀

13 қазан күні сағат 20: 00-де


«Путешествие вглубь себя» - заманауи ең танымал ақындардың бірі Ах Астахованың жаңа альбомы.

Мекенжайы: Қонаев көшесі 4, ҚазМедиа орталығы

Кіру: 7000 тг

Анита Цой. «10/20» шоуы⠀

14 қазан 19.00-де


«10/20» шоуы деген 20 жыл бойы сахнада жүрген Анита Цойдың 10 жылдық мерейтойлық шоуы деген мағынаны білдіреді. Шоу әншінің шынайы өміріне, оның шығармашылық және жеке жолына негізделген.

Мекенжайы: Мәңгілік Ел 10/1, Қазақстан орталық залы ⠀

Кіру: 5000 теңге

«Жизель» балеті

13-14 қазан 18:00-де


Шаруа әйелі Джизельдің өмірі бір сәтте ойран болады. Джизель Альбердің алдауын көтере алмай, дүниеден өтеді.

Мекенжайы: Ұлы дала көшесі 9, «Астана» балет театры

Кіру: 1000 теңге

АЛМАТЫ:

«Дон Кихот» балетінің премьерасы

13 қазан 18: 00-де


Басты назарға бір-бірін жігерлендіретін екі кейіпкер - Китри және Базиль арасындағы қарым-қатынас түседі. Олар бірге бола алмайды. Себебі қыздың әкесі Лоренцоның қызын бай жігітке бергісі келіп, жалақысы аз жерде жұмыс жасайтын қарапайым жас жігіт жайлы ештеңе білгісі келмейді. Батыл әрі қайсар Дон Кихот ғашықтарды жақтап, екеуінің қосылуына көмектеседі.

Мекенжайы: Қабанбай батыр 110

Кіру: 1500 - 5000 теңге

Қолөнер жәрмеңкесі

13 және 14 қазан, 10: 00-ден 18: 00-ге дейін


Алматыда төртінші қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкенің қонақтарына қазақстандық шеберлердің әртүрлі қолөнер бұйымдары ұсынылады.

Жәрмеңкені Алматыдағы қолөнер палатасы өткізеді.

Мекенжайы: Арбат, Жібек жолы даңғылы

Кіру: тегін

«Сheesemaker.kz — 2018» ірімшік фестивалі

13 және 14 қазан, 10: 00-ден 20: 00-ге дейін


Бірінші қазақстандық ірімшік фестивалі. Бағдарламада: халықтық дауыс беру, ірімшік пен аспаздық мастер-класс сабақтары, ірімшік жәрмеңкесі және көптеген жүлделер мен сыйлықтар.

Келушілерді сайтқа тіркеу: сheesemaker.kz

Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 223 (Ганди көшесінің бұрышы)

Кіру: тегін

Байланыс телефондары: +7 700 022 09 30


ШЫМКЕНТ:

Aikido Birankai Shymkent-тен тегін мастер - класс

13 қазан 14: 00-де


Биранкай Айкидо федерациясы Шымкентті тегін мастер-классқа шақырады. Мастер – класста дене мен ақылмен жұмыс істеуді, энергияны басқаруды, өз-өзіңізді бағалауды, денеңізді және ақылыңызды түсінуді, ішкі тыныштығыңызды сезінуді үйренесіз. Ал, Айкидоның жүйелі түрдегі жаттығулары барлық жастағы топтардың өкілдеріне сауықтыру әсерін тигізеді.

Мекенжайы: Желтоқсан –Жолдасбекова көшелерінің қиылысы, «Fight club TITO»

Кіру: тегін 

Байланыс телефондары: +7 775 198 30 68

«Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі

10 - 21 қазан, 10: 00-ден 19: 00-ге дейін


Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі Шымкентте 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізілуде. Бұл жерде Иран, Өзбекстан, Түркия, Бельгия, Ресей, Молдова, және, Қазақстан сияқты елдердің 1000-нан астам кілем бұйымдары көрсетілетін ең үлкен кілем жәрмеңкесі. Сондай-ақ, дәстүр бойынша барлық кілем өнімдері өте қолжетімді бағада, несие және төлемдер бойынша жүргізіледі.

Ұйымдастырушылар: Bal Textile фабрикасы, Elexus элиталық кілем дүкені.

Мекенжайы: Астана даңғылы 12, «Көрме орталығы»

Кіру: тегін

Байланыс телефоны: +7 775 927 29 09

Бадамсай шатқалына саяхат

14 қазан 07:30


Алтын күздің ортасында, шымкенттіктерді Бадамай шатқалына шақырамыз!

Экскурсияға: жол ақысы, ұлттық паркке қабылдау, фотоға түсіру, хош иісті тау шөптерінен әзірленген шай кіреді!

Бадамсай шатқалы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағының аумағында орналасқан. Таза ауада табиғат сұлулығына тамсанып, ой жүгіртіп, тәулік бойы тауда бой жазып, қаладағы қарбалысты бір сәтке ұмытыңыз.

Мекенжайы: Төлеби ауданы, Сайрам-Өгем 

Кіру: 3000-3500 тг.

Байланыс телефоны: +7 778 922 22 85