Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дәурен Абаев ШҚО-ның БАҚ өкілдерімен кездесті

Дәурен Абаев ШҚО-ның БАҚ өкілдерімен кездесті

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Шығыс Қазақстан облысының БАҚ басшылары және блогерлермен кездесті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр жаңа Жолдаудың әлеуметтік бағыты мен оның өмір сапасын арттырудағы маңызын алға тартты. Мемлекеттік қызметті цифрландыру мен автоматтандыруға ерекше тоқталды. 

«Мемлекеттік қызмет проактивті болуы тиіс. Біздің алдымызда мемлекеттік қызмет түрінің 90 пайызын электронды форматқа ауыстыру міндеті тұр. Біз оны іске асырамыз», - деді Дәурен Абаев. 

Кездесу барысында өңірлік журналистердің өзекті мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, аймақта 152 БАҚ тіркелген, оның 123-і  баспа басылымдары. Талқыланған мәселелердің дені газет шығарушылардың қиындықтарына қатысты болды. 

Өз кезегінде Дәурен Абаев интернет- басылымдардың саны артып келе жатқанына қарамастан, газеттің өміршеңдігіне сенім білдірді. 

«Зерттеулер интернетте материал оқуға орташа есеппен 40 секунд уақыт кететінін, тура сондай мақаланы газеттен оқу үшін 40 минуттай жұмсалатынын көрсетіп отыр. Себебі, газетті терең ұғынып оқисың. Мүмкін, оқу мәдениетін жоғалтқан болармыз. Бірақ оны қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді министр.



Сурет qazaquni.kz сайтынан алынды.