Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сапалы ойыншықтарды қалай таңдау керек?

Сапалы ойыншықтарды қалай таңдау керек?

Ойыншықтар - сәбидің дүнитанымын қалыптастырады. Өкінішке орай, барлық ата-ана түрлі-түсті ойыншықтың қаншалықты қауіпсіз екенін біле бермейді. Тұрмыстық химиялық өнімдер сарапшысы Гүлмира Садырова ойыншық сатып алмас бұрын оның түсі мен иісіне мән беруге кеңес береді.

 «Алдымен ойыншықтың бояуы киімге жұқпау керек. Екіншіден иісі өткір болмағаны абзал. Егер өткір иіс болса онда оның химиялық қосындысы көп. Сондай-ақ, ойыншықты қағазбен сүрткенде бояуы сыр берсе сапасыз дей бер»,- дейді сарапшы.  

Сапалы ойыншықтың қорапшасында кауіпсіздік кеңестер қазақ және орыс тілінде жазылуы керек. Сондай-ақ, шыққан күні мен неше жасқа дейінгі балаларға арналғандығы көрсетіліп тұрады. Қазақстанға жеткізген сатушы компанияның мекенжайы да жазылуы тиіс. Ал, ақпарат тек қытайша немесе ағылшынша жазылса оған күманмен қарағаның абзал. Демек, әр ата-ана ол тауардың сертификатын талап еткені дұрыс. Сарапшы Гүлмира Садырова базардағы арзан ойыншықтарға көп қызықпауға да кеңес беріп отыр. Ал, ойыншық сататын дүкен иелері бұған не дейді? 

 «Біз өкіметке балалар тауарын сататын жерлерді белгілеп қоюын талай рет талап еттік. Себебі Қытайда ойыншықтар қалай жасалатынын бәріміз білеміз. Зауыттың сыртындағы арықта киім жуса, сол жерде ойыншықтарды жасай береді... Олардың басты мақсаты - ақша табу. Ол іспен көбіне балаларға қолын сілтеген жеке кәсіпкерлер айналысады. Сондықтан біз баланы қауіпті ойыншықтан сақтау керекпіз. Әр дүкен иесі өзі сатып отырған тауары үшін жауап беруге міндетті»,- дейді «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко.