Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алып анадан

Алып анадан

Шалқар радиосы «Бесігіңді түзе» хабарының кезекті саны – театр сахнасында сан мәрте басты рөлді сомдап, өзінің жоғары мәдениетімен, эстетикалық талғампаздығымен, актерлық шеберлігімен көрерменді тәнті ете білген тұлға, Қазақстанның халық артисі, бүгінде елордадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде театр әлеміне танылған талантты жастардың ұстазы, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының белді актеры Тілектес Мейрамовтың анасы Ырымжан Сыздыққызы жайында болды.  

«Әкем шаруашылықпен айналысқандықтан өнерге жақын болып өсуіме анам көбірек ықпал етті. Шаруа жайына байланысты әкем үйге келе алмаған күндері анам пеш түбінде отырып ертегі-жырлар мен қызықты әңгімелер, есінде қалған айтыстардан үзінді айтатын. Себебі, ол өзі өнерге бейім жан еді, жиын-тойларда қолына домбырасын алып әуелете ән салатын. Өкініштісі, анам Ырымжан дүниеден ерте өтті»,- дейді Тілектес Мейрамов.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Бесігіңді түзе» хабары әр аптаның жексенбісінде сағат 12:30-да Шалқар радиосының тікелей эфирінен беріледі.