Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазылыққа шақырмасаң, айтысқа келмейді

Қазылыққа шақырмасаң, айтысқа келмейді

Кезінде Оралхан Бөкей, Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің алыптары айтыс біткен бойда ертеңіне мақалалар, талдаулар жазатын еді. Қазір осы үрдіс кенжелеп қалды. Бүгінде жұрт «көлікті, бәйгені кім алды?» деген айтыстан кейінгі ұсақ-түйек әңгіменің аясында қалып қойып жатыр.

Шалқар радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасының қонағы – ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман осы тақырыпта өз ойын білдірді.

«Бұл журналистерге келіп тірелетін шаруа. Мен бір ғана адамның атын айтайын. «Айқын» газетінің Бас редакторы, қаламы қарымды публицист Нұртөре Жүсіп деген азамат бар. Сол азаматты біз қазылар алқасына мүшелікке тартамыз. Өйткені, айтыстан кейін талдау жасап, байыбына барып, жақсы мен жаманын түгендеп жүреді.

Айтысты талдау үшін басқалар неге көбірек араласпайды дегендерге, айтыстың табиғатын түсіну оңай шаруа емес. Көз алдыңда екі ақын шарпысып жатты дегенмен оның ар жағында ыю-қиюы көп. Бірақ, соның байыбына барып, айтатын, талдайтын азаматтардың тарапынан белсенділік аз.

Мысалы, біз үлкен ақындарды қазылар алқасының мүшелігіне шақырамыз. Дегенмен, солар шақырылмай қалса, айтысқа келмейді. Осындай самарқаушылықты түсіне алмаймын. Бұл ұлттық өнердің тойы. Тойдың ішінде жүрген жақсы емес пе. Ал, оған бара алмайтындар не жазады дейсің?»,- дейді Жүрсін Ерман.