Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Төл теңгеміз – тәуелсіздік тірегі

Төл теңгеміз – тәуелсіздік тірегі

Алматы музейінде еліміздің ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан аумағындағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін» атты тарихи-құжаттық көрмесі ашылды. 

Көрмеде Президент Архивінің қорында сақталған теңгені айналымға енгізу бойынша дайындық шараларына қатысты құжаттар, Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлықтары, ұлттық валютаны айналымға енгізу бойынша Мемлекеттік комиссия мәжілісінің хаттамалары, осы мәселе бойынша азаматтардың хаттары, Елбасының естеліктері және тағы басқа бірегей құжаттар тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, көрме экспозициясын Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұсынған Қазақстан жерінде орта ғасырлардан бастап айналымда болған тиын-монеталар мен өзге де ақша үлгілері толықтырды.

Осы айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараға аталған мекеме басшыларымен қатар, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқар-масының өкілдері, Алматы қаласында орналасқан Орталық мем¬лекеттік архивтердің басшылары, қаржы және банк саласының қызметкерлері, тең-генің алғашқы авторларының бірі Хайролла Ғабжалилов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ерлен Жангельдин және қоғам қай¬рат¬керлері қатысты.

Сонымен қатар шара барысында теңгенің 25 жылдық ме¬рейтойының қарсаңында Президент Архиві дайындаған «Ұлттық валюта тарихынан» атты құжаттар және материал¬дар жинағының тұсаукесері өтті. Жинаққа КСРО-ның құлдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі, оның ішіндегі Қазақ-стандағы қаржы саласының қиыншылықтары, сом аймағының жойылу себептері, ұлттық валютаны дайындау мен енгізудің ұйымдастырылуы, тәуелсіз Қазақстанның ақша-қаржы жүйесінің дамуын баяндайтын Президент Архиві қорларындағы біре¬гей құжаттар, аталған тақы¬рыпта бұқаралық ақпарат құрал¬дарында жарияланған материалдар мен Елбасының естеліктері енгізілген.

Дереккөзі: «Егемен Қазақстан» газеті