Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қартайғанмен қария бола алмайтындар бар

Қартайғанмен қария бола алмайтындар бар

«Жасы алпыс - жетпістен асқандардың бәрі қария емес. Көбі пендешіліктің деңгейінен аса алмаған шалдар. Ақсақалдықтың жөні қиын»,- дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Шалқар радиосындағы «Алматы түні» хабарына берген сұхбатында.

«Абайлар алпысқа келмей өмірден өтті. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп мазасы кетті. Бүгінгі жетпіс – сексендегі шалдардың ерсіз қылықтарын көргенде ыза боласың. Қазақтың бұрыңғы қариялары қандай еді...

Әркім көргенін айтады. Біздің ауылда Зәбида деген ақсақал болды. Соғысқа қатысқан ұста, зергер, құсбегі адам еді. Солар балаға біреудің ала жібін аттатпақ түгілі сәл дұрыс отырмаса, аузынан дұрыс сөз шықпаса, қабағымен жасқап отыратын. Ол кісі отырған жерде бәріміз қысылып, жинақы отырушы едік. Міне, осындай қарияларды аңсаймын»,- дейді ақын.