Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Атына заты сай – ұлт үнжариясы

Атына заты сай – ұлт үнжариясы

Мемлекет басшысы ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 2012 жылы желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Біз 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» деген еді.    

Елбасының 2018 жылы 19 ақпандағы Жарлығымен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезек-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген. Кейін ұлттық комиссияның бір отырысында Премьер-министр жаңа емле ережесі туралы халықты құлақтандырып, жұмысты жандандыру туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, мемлекет саясатын қолдау мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өтті. Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Диктант жазушылар диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, сондай-ақ, аталмыш шараға мұрындық болған «Шалқар» және «Қазақ радиосы» радиоларының тікелей эфирінен мәтін аудиосын тыңдау арқылы жазды. Осылайша, республиканың барлық аймағымен онлайн байланыс жасалды.

Қазақ радиосының студиясына келген: жазушы, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин, ақын Несіпбек Айтұлы және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография бөлімінің басшысы, профессор Құралай Беймолдақызы сынды қонақтар жалпыхалықтық диктантқа қатысып, сұхбат берді.