Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақселеу Сейдімбектің «Алтын қордағы» дауысы

Ақселеу Сейдімбектің «Алтын қордағы» дауысы

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болу жолындағы ұлттық тәрбие. Әрине, бұл тәрбие жалаң болмауы тиіс. Өйткені, ондай тәрбие қашанда қауқарсыз. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда қазақ жастарын тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы шарт. Сонда ғана тәрбие шынайы. Ұрпақ санасына елдік ұғымды ұялатып, ұлттық рухты сіңірсек бізді сең соқпайды,-депті Ақселеу Сейдімбек Қазақ радиосына берген сұхбатында. 

Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарынан этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Алтын қордағы» дауысы тыңдарманға жол тартты.

Ақселеудің әр сөзі иненің жасуынан өткен өрелі өсиет. Ұлттық болмыстың буынын қатайтар қағидат. Қайта-қайта тыңдап ұрпақ тәрбиесіне жарататын құнды кәде.

Қай қызметте жүрсе де Ақселеу Сейдімбек ұлттық сананы жоғары қоятын. Ақ көңілімен айналасына шуақ шашып тұратын оның әр ісінде тереңдік бар еді. Ол бұл өмірде осалдық танытқан жоқ. Үнемі алға ұмтылып, еліне, халқына адал қызмет ете білді. Осы іскерлігімен көпшіліктің ілтипатына бөлінді де. Ақселеу аға ұлттық құндылыққа рухани турғыда қарайтынды.

Ақселеу Сейдімбектің дауысын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.