Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жігер Ауыпбаев Melomen тобының концертіне келе ме?

Жігер Ауыпбаев Melomen тобының концертіне келе ме?

Melomen тобы 29 қарашада Республика сарайында «Сүйгенім бол» атты алғашқы жеке концертін береді. Елдің сүйікті тобы қазақ радиосының «Түнгі толқын» бағдарламасына қатысып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. 

- Дайындық қалай жүріп жатыр?

Дайындығымыз басталып кетті. Келесі жылы бізге 10 жыл болады. Осы 10 жылдың ішінде жиып тергеніміздің ішінен іріктеп, халықтың алдында хит болған әндермен жақсы кеш берсек деген мақсат тұр. Концерт жанды дауыста өтеді. Бір қызығы өзімізді өнерге жаңа келген адам құсап сезініп жүрміз.

- Жігерсіз жігерлерің құм болып жатқан жоқ па?

Жігердің топтан жеке кеткеніне 2 жыл уақыт болыпты. Үйреніп қалдық. Аса бір қажеттілік көріп жатқан жоқпыз. Үшеуіміз барлығын игеріп алдық.

- Бауыржан Есебаев ағамызбен шығармашылық қалай өрбіп жатыр?

Бауыржан ағамызбен үш жылдай жұмыс істедік. Ол кісімен шығармашылық келісімшарт тоқтап, қазір өзіміз дайындалып жатырмыз.

- Топтың өмірінде продюсердің рөлі маңызды ма?

Егер, продюсердің рөлі маңызсыз болса, ол адам продюсер деп аталмас еді. 99,9 % продюсерге байланысты. Алғаш өнерге аяқ басқан кезде үстімізден қаншалықты жұмыс атқарылып жатқанын байқамадық. Біз тек шығармашыл адам болдық. Негізгі жұмысымыз ән айту, бейнебаянға түсу, түсірілімдерге бару болатын. Ал, сыртымыздан шақыртулардың бәрін келістіріп, келіссөздер жүргізген продюсердің жұмысы байқалмайтын. Melomen тобындағы әрбіріміз продюсерлік қызметті атқару арқылы бұл қызмет үлкен еңбекті талап ететінін түсіндік.

- Концерт билетінің сатылымы қалай жүріп жатыр?

70% билет сатылыпты. Концертте зал лық толы болады деп үміттенеміз. Тіпті екінші концертті де ұйымдастырып жіберуіміз мүмкін.

- Қазір неге продюсерсіз жүрсіздер?

Екі продюсермен жұмыс істедік. Тәжірибені молынан алдық. Енді, бізге ешқандай продюсердің қажеті жоқ.

- Диета ұстайсыздар ма?

Арамызда Ролан диета ұстайды. Жалпы сахнаға шығатын адамдарға диета өте қажет.

- Сіздер үшін бақыт деген не?

Ол жүрек тыныштығы. Рухани тыныштық болса, бақыттың бірі сол деп білеміз.

- Концертте Жігер ән айта ма?

Melomen тобының өнердегі алғашқы қадамы Жігермен бірге басталды. Ол біздің бір кірпішіміз. Сондықтан ол концертте болмаса, біз үшін айып болады. Сол себепті Жігер концертте міндетті түрде болады. Бірақ, бізбен бірге айта ма, жеке айта ма ол құпия болып қалсын.