Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тиімді демалыс

Тиімді демалыс

Сенбі-жексенбі күнгі демалысыңыз тиімді өтсін десеңіз, келесі ақпаратқа назар аударыңыз. 

АСТАНА:

Барыс - Салават Юлаев хоккей клубтарының ойыны

18 қараша 17:00-де

Барыс - Салават Юлаев хоккей командаларының арасындағы ойын әрдайым шиеленіске толы, тартысты өтеді. Ал, барлық ойындар тарихында екі команда арасындағы шайба айырмашылығы үлкен емес.

Мекенжайы: Тұран көшесі 75, «Барыс Арена» мұз айдыны

Кіру: 500 теңгеден басталады

Қала жәрмеңкесі

15-20 қараша аралығы 10: 00 - 19: 00


Тері өнімдерінің кең ассортименті, азық-түліктен бастап арзан бағамен әр түрлі өнімдер ұсынылады.

Мекенжайы: Кенесары көшесі 32, Астана концерт залы

Кіру: тегін

Байланыс телефондары: +7 701 827 71 70

Иван Дорн Астанада

17 қараша 18.00 -де


Стильді орындаушы, танымал әндері халықтың көңілінен орын алған сүйікті әншілеріңіз Иван Дорн астанаға бұрыңғы хиттары мен бүгіңгі хиттарын алып келеді. Бірақ, көрерменнің басты қызықтыратын сұрақ: ол Молданазармен жанды дауыста «Kaida» әнін шырқай ма?

Мекенжайы: Мәңгілік Ел көшесі 144/7, Конгресс орталығы

Кіру: 6000 теңгеден басталады

Байланыс телефондары: +7 7172 643 643

АЛМАТЫ:

«Доминикана саяхатшы көзімен» фотокөрмесі

16 қараша 20: 00-де

Travelbank туристік агенттігі барлықтарыңызды «Доминикана саяхатшы көзімен» фотокөрмесінің ашылуына шақырады.

Ашылу салтанатында Доминикана Республикасына саяхаттауға 2 билет жеңіп ала аласыз.

Мекенжайы: Достық Плаза сауда орталығы, Самал-2 шағын ауданы, 111

Кіру:тегін

Байланыс телефондары: +7 727 222 30 30


Кітап алмасу Book Crossing

18 қараша 12: 00-де


Кітап алмасу арқылы сіз бейтаныс адамға қуаныш сыйлап, сол сезімді өзіңіз де сезіне аласыз. Бірақ, бұл жолы біз сіздерге бұл қуаныштан өзге тосын сый дайындадық. Әрбір қатысушы кітаптарын тапсырар кезде лотореяға қатысады. Ал, билеттерде жасырынған затты дәл сол сәтте біле аласыз.

Мекенжайы: American space, Байзақов көшесі 280

Кіру: тегін

Алматы - Алтай-Торпедо хоккей ойыны

17-18 қараша 17: 00-де


Алматылықтарға жанкүйер бол!

Мекенжайы: Halyk arena, Құлжа тас жолы 2д

Кіру: 300 теңге

ШЫМКЕНТ:

Қыран - Ертіс футбол ойыны

16 қараша 15: 00-де

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2019 жылғы маусымына қатысуға мүмкіндік беретін матч!

«Қыран» футбол командасына қолдау көрсетейік!

Мекенжайы: Тассай шағын ауданы 119, «Намыс» стадионы

Кіру: тегін

Киновикторина: Қыс жақындады!

17 қараша 19: 00-де


Осы сенбіде бесінші киновикторина өтеді. Тақырыбы: «Қыс жақындады», Тақ ойындарының ең қызықты сәттерін еске аламыз! Киновикторина - бұл фильм, телешоу және мультфильм саласынан қойылатын ауызша немесе жазбаша сұрақтарға жауап беру ойыны.

Мекенжайы: Асқаров көшесі, 1, Chaplin’s Coffee House

Кіру: 500 теңге

Байланыс телефондары: +7 771 052 62 87

Ким Хоангпен кездесу

17 қараша 14: 30-да


Шымкент қаласының француз альянсы сіздерді «Магадан» кітабының авторы Ким Хоангпен кездесуге шақырады.

«Магадан» - Пьер Лоти 2018 сыйақысының лауреаты.

Мекенжайы: Тәуке хан даңғылы, 5, ОҚМУ, 123 аудитория

Кіру: тегін

Байланыс телефондары: +7 705 345 03 83