Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Амал күні діни мереке ме?

Амал күні діни мереке ме?

«Ұлттың ары» дегенде алдымен ойымызға тіл мен діл, әдебиет пен тарих, дін мен дәстүр және көнермес құндылықтар оралады. Ғасырлар сынынан өтіп, өміршеңдігін сан рет дәлелдеген сол қастерлі құндылықтарымыздың қазіргі халі нешік? Қимасын құрбан ете жүріп, құндылықтарын қорғаған қаһарман ұлттың бүгінгі буынының аңсары қандай? Осы және өзге де мәселелерге қатысты «Қазақ радиосының» хат қоржыны және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен тыңдарман сауалдарына «Арсауға» хабары жауап іздейді.

Тыңдарманнан келіп түскен сауал: «Қазақта 14 наурызды «амал күні» деп жатады, сонда ол діни мереке ме?»  

Бұл тіркестегі «амал» сөзі арабшадан енген «амал ету» мағынасында қолданылатын сөзбен бір емес. Қазақта бұрын ай аттары арабша-парсыша сыңарларымен қатар қолданылған. Ол былай болып келеді: дәлу – қаңтар, құт(үт) – ақпан, қамал – наурыз, сәуір – көкек, зауза – мамыр, саратан – маусым, әсет – шілде, сүмбіле – тамыз, мизам – қыркүйек, ақырап – қазан, қауыс – қараша, жеді –желтоқсан.  

Ескі жыл санауының қазіргі жыл санаудан он үш күндей айырмашылығы бар, сондықтан ескіше қамал айының, яғни, көктемнің алғашқы айының бірінші күні қазір 14 наурызға сәйкес келеді. Бұл – жыл басы мерекесі, жыл тойы, көктем мерекесі болып саналады. Осы кезді қазақ «жыл келді» деп жатады, осы кезеңде жылы жақтан оралатын құстарды «жыл құстары» деп атайды, әзірленетін наурыз көжені «жыл көже» дейді. 

Қамалдың бірінші күнін – 14 наурызды қазақ «амал күні», «көрісу күні» деп атайды. «Қыстан аман шықтық» деп, бір-бірімен көріседі, «Жасыңа жас қосқаның құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Қарияларға сәлем береді, қатыспай жүрген туыстарына барады, «ескі өкпе ескі жылмен кетсін» деп өкпе-наздарын ұмытысады. Көрісу дәстүрі үш күн жалғасқанымен, жаңа жылды тойлау ай бойына созылып жатады.  

Ал, 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – күн мен түннің теңелген күні ретінде наурыз айының негізгі мерекесіне айналғаны баршаға белгілі. Табиғатпен үндесе білген көшпелілер ғана емес, бүкіл Орта Азия жұрты, Шығыс халықтарының көпшілігі және батыс пен Американың бірқатар жергілікті халықтарында да көктем айлары жыл басы болып саналған. 

Толық ақпаратты хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.

Сурет Қазақстан-ZAMAN сайтынан алынды.