Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Алтын дауыс» кастингі аяқталды

«Алтын дауыс» кастингі аяқталды

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар кастингі аяқталды. Кастинг мақсаты серіктестікке қарасты: «Qazaq radiosy», «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларының жаршысы атанар, талапты да талантты жасты анықтау еді.    

«Алтын дауыс» дикторлар кастингі жарияланған күннен бастап қатысуға ниет білдірген 446 үміткердің өтінімі келіп түскен еді. Ал, бүгін 23 қарашада 267 қатысушы Астана қаласы Қонаев көшесі 4-ғимаратта орналасқан Қазмедиа орталығына келіп, бақтарын сынады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылар қазылар алқасы ұсынған түрлі жанрдағы мәтіндерді оқу арқылы өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетті. Радионың жаршысы атанғысы келер талапты жастардың көптігі көңілді қуантарлық жайт. Кастинг қорытындысы qazradio.fm сайтында және «Qazaq radiosy»-ның әлеуметтік желідегі парақшаларында алдағы уақытта жарияланады.