Елбасы – ел тірегі

Елбасы – ел тірегі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметовтың Тұңғыш Президент күніне құттықтауы:

«Тәуелсіз еліміздің тарихында елеулі бірден-бір тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі уақытта Елбасын бүкіл әлем халқы танып, мемлекет басшылары құрметтеп отыр. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның 27 жылда жеткен жетістіктері Президенттің ерен еңбегінің жемісі. Елбасының еліне деген үлкен патриоттық сезімі, ұлағатты ойлары – бізді алға жетелейді, күш береді. Елбасы – ел тірегі. Біздің дана халқымыз Елбасының еңбегін әрқашан қолдайды. Біз жастарды Елбасының үлгісімен тәрбиелеп, нұрлы болашаққа жете беретінімізге сенемін».