Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған

Әр күннің басты жаңалығын сараптайтын Қазақ радиосындағы «Өз сөзім» хабарының кезекті саны паспорт, яғни, қос азаматтық мәселесі. 

«Көрші Ресейде белгілі журналист, Ресей-1 телеарнасы бас директорының орынбасары Сергей Брилевтың Британ азаматтығы туралы дау ушығып тұр. Оны жақында осы елдегі белгілі оппозиция өкілі Алексей Навальный жариялаған болатын. Енді кейбір Ресей журналистері, қатардағы азаматтар Брилев не Британ азаматтығынан шықсын, не қызметтен кетсін деп талап етіп жатыр. Жалпы Ресейде қос азаматтыққа рұқсат берілген, тек бұл рұқсаттың мемлекеттік қызметкерлерге еш қатысты жоқ. Ал енді солтүстік көршіміздің ішкі мәселесін мен неге сөз еттім? Себебі қос азаматтық мәселесі Қазақстанға қатысты түйіткіл. Жыл сайын екі елдің паспортын алып жүрген азаматтар тіркеліп жатады. Әрине, себеп әр түрлі. Біреулерге шетелдік саяхатта үнемі виза алмас үшін тұрақты баратын елінің азаматтығына қол жеткізе салған оңай. Екіншілері өзге елге көшкенде Қазақстан азаматтығынан шығуды ұмытып кетуі мүмкін. Үшіншілері қос азаматтық тыйым салынғанын білмеуі ғажап емес. Ал төртіншілері екі елдің әлеуметтік көмегін, яғни, зейнетақы, жөргекақы және басқа да қаржылық қолдауларды алып отыру үшін мақсатты түрде қос азаматтыққа қол жеткізеді. Жалпы, жоғарыда айтқанымдай, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған»,- дейді хабар авторы Нұрмұхамед Байғара.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Өз сөзім» хабары әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 20:00-де Қазақ радиосынан беріледі.

Сурет news.tj/ru сайтынан алынды.