Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін үлкен баспалдақ

Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін үлкен баспалдақ

Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады. Балалар әдебиеті ертегілерден бастау алып- қазақтың ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған қазына.

Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып өрістеді.

Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.

М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің жақұтына айналды.

Жас ұрпаққа тәрбие мен тағылым, әрі өмірлік ұстаным беретін балалар әдебиетінің қазіргі таңдағы жағдайы, даму деңгейі, өзекті мәселелері қандай? «Шалқар» радиосының «Құс жолы» хабарының кезекті саны Балалар әдебиетіне арналады. Студия қонағы әдебиеттанушы Әлібек Байбал.

Толық ақпарат хабар мұрағатында.

Сурет madeniet.aktobe.gov.kz сайтынан алынды.