Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бар жақсылық балаға!

Бар жақсылық балаға!

Айгүл Мұратова 7 желтоқсан күні «Мың алғыс» хабарына келіп, ұлы Әбдірахман үшін көпшіліктен көмек сұраған. Гемимегалоэнцефалия дертіне шалдыққан сәбидің еміне 685 000 теңге жетпей тұрған еді. Хабардан соң қажетті қаражат жиналып, бүгін ата-анасы Әбдірахманды алып, Ресейге жолға шықты.

Еске сала кетсек, 11 айлық баласын ата-анасы еліміздегі емдеу орталықтарының бәріне қаратты. Емі табылмаған соң, анасы қол қусырып отырмай, жан-жақты зерттеу жасап, Мәскеу қаласында операция жасатуға шешім қабылдайды. Операция құны 2 585 000 теңге, жол шығыны тағы бар. Ал дәрігерлер операцияны желтоқсан айының 13-іне жоспарлаған. Айгүлдің қолында 2 100 000 теңге бар еді. Ұлының денсаулығына алаңдаған Айгүл қалған қаржыны қайдан, қалай табарын білмей, Қазақ радиосының «Мың алғыс» хабары арқылы халықтан көмек сұраған. Көп өтпей бұл отбасына жомарт жандар қолұшын соза білді.

Қолдау көрсеткен мейірімді тыңдармандарға мың алғыс! Балақайдың сауығып кетуін тілейміз!