Рентген сәулелері қаншалықты зиян?

Рентген сәулелері қаншалықты зиян?

Біз профилактикалық мақсатта жылына кем дегенде 1 рет рентгенге түсеміз. Бірақ, рентген сәулелерінің қаншалықты зиянды екендігін көбіміз біле білмейміз.

Рентген сәулесі бүгінде тек медицинада ғана емес, басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Жетілген түрлері де шықты. Рентген сәулелері ағзаға өте зиян деп, жылына 1-ақ рет өкпені тексеруден өткіземіз. Дегенмен де, құрылғыдан бөлінетін сәуле ағзамызға әрқалай әсер етеді. Мысалға, іш-құрылысымызды аппарат арқылы тексерістен өткізген соң, 3 жыл көлемінде рентгенге түсуге болмайды. Ал кеуде тұсымыздағы зиянды сәулелер, 10 күн көлемінде тарқамайды. Қол-аяғыңыздағы радиация 1 күннен соң жоқ болып кетеді. Рентген суретке қарап, науқастың диагнозын тек дәрігерлер ғана анықтай алады. Егер де үйреніп, игеріп алар болсақ, еш қиындығы жоқ. Мысалы, дені сау адамның өкпесі егер ағза қабынса өкпе тұсында ақшыл дақтар пайда болады. Тоқ ішектің бойында жара болса, рентген суреттен қара дақты көреміз. Мінекей, рентген құрылғысының осындай құпиялары бар.

Ал сіз осы құрылғының яғни, рентген сәулелерін кім ойлап тапқанын білесіз бе? 1895 жылы 18 қараша. Дәл осы күні неміс физигі Вильгельм Рентген енгізді. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын байқай қойды, осы ерекше қабілеті оның тамаша жаңалық ашуына жәрдемдесті. Бұл кезде газ - разрядтық түтіктерде өте шапшаң электрондардың ағыны туғызылған және сол уақытта оларды катод сәулелері деп атаған.