Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тұрсынжан Шапай: Географ болуды армандадым

Тұрсынжан Шапай: Географ болуды армандадым

Тұрсынжан Шапайдың жастайынан кітап оқуына әкесі ықпал еткен. 

«Қазақстан Жастар одағы» мен «Халықаралық Алаш әдеби» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әдебиет сыншысы, ақын, композитор Тұрсынжан Шапай ағамыздың балалық шағы мен шығармашылық жолы «Шалқар» радиосының «Боз жусан» хабарында айтылды.

Тұрсынжан Шапай 1957 жылы туған. Абай атындағы педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін 1979 жылы тәмамдап, қызмет жолын 1979–1984 ж.ж. Алматы облысы, Нарынқол ауданы Ораз Жандосов атындағы орта мектепте мұғалім болудан бастаған. Жұмыс өтіліне кеңінен тоқталсақ, 1984–1985 ж.ж. Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар редакциясында, 1985–1986 ж.ж. «Жазушы» баспасында редактор, 1986–1988 ж.ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1988–1990 ж.ж. сын бөлімінің меңгерушісі, 1990–1998 ж.ж. ҚР ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер, 1999 жылы Абайтану бөлімінің меңгерушісі болды. 2001–2006 ж.ж. «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясында бас редактор қызметін атқарған.

«Мектепте мені мұғалімдер жақсы оқитын үлгілі оқушы деп мақтайтын. Географ болуды армандадым, саяхатшылар туралы көп оқыдым. Әлемнің қаншама тамаша жерлері бар – елді мекендер, өзен, көлдер. Жалпы жер бетінде табиғаттан қызық нәрсе жоқ», - деді белгілі әдебиет сыншысы.

Тұрсынжан Шапайдың жастайынан кітап оқуына әкесі әсер еткен. Небәрі 2-сыныптан бастап қазақ әдебиетінің айтулы шығарламарын оқып, биікке талпынған ақынның өлең өлкесіне өзіндік өрнегімен келуінің де алғышарты осы.

«Абайдың кітаптарын, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтың шығармаларын оқып шықтым. Әдебиетке құмарлығым осыдан туған болу керек. Георгаф болам деген арманнан әдебиетші болам деген арман басым болып кетті», - деді Тұрсынжан Шапай.

Толық ақпарат аудионұсқада.