Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын

Қос құрбы 44 жылдан кейін табысты.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылының тұрғыны Сәуле Сейілханова 1975 жылдан бері көрмеген құрбысы – Майсара Нұрмұхамбетованы іздеп, «Бармысың, бауырым?» хабарына хат жолдаған еді. Майсара Нұрмұхамбетова табылды. Хабар барысында Сәуле Сейілханова қоңырау шалып, «Бармысың, бауырым?» хабарының ұжымына алғыс айтты. Қуаныштарыңызға ортақпыз! 

«Бармысың, бауырым?» – әлеуметтік хабар. Хабарға жақынын іздегендер мен үмітін үзбегендер ғана келмейді. Студияда Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу» орталығының психологы Сәуле Әмірқызы қонақта болды. 

Сұхбат барысында әлеуметтік орталық тұрғындарының жасы нешеде, әлеуметтік орталықтың көмегіне жүгініп, кейін өз отбасына қосылған адамдар бар ма? Дәл қазір алып қала Астанада, Алматы немесе Шымкентте құжатсыз көше кезіп жүрген адамдар болуы мүмкін. Мына теңіздей толқыған қоғамда олар тамшы сияқты жұтылып не жағаға шығып қалмауы үшін, не істеу керек?.. сынды сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Толық ақпарат алу үшін, хабардың аудио нұсқасын тыңдауға шақырамыз. 

Құрметті оқырман, қосымша ақпарат алу үшін: 8 707 53 55 383 нөміріне қоңырау шалып, whatsapp желісіне кез келген уақытта хат жолдаңыз. Студиямыз Астанада, Қонаев көшесі, 4-ғимаратта орналасқан. Хабарға қатысамыз дейтіндер болса, үмітін үкіліген жандарға «Қазақ радиосының» студиясы әрдайым ашық. 

Өмірде қаншама адам болса, соншама тағдыр бар. Ең бастысы, арадағы сағыныш пен үміт үзілмесін.


Хат қоржынынан:

Қажығали Жүсіпұлы Нұрмахановқа іздеу саламыз. Ол 1959 жылы 3 қазанда Қызылорда қаласы, Гагарин қыстағында дүниеге келген. Қажығали Жүсіпұлы 1994 жылы отбасылық жағдайға байланысты үйден кетіп қалған, содан бері хабар-ошарсыз. Ерекше белгісі: оң аяғын сылтып басады. Осы азаматты танитындар болса, бізге хабарласыңыздар. Қажығали Жүсіпұлын балалары мен немерелерінің сағынып, үміт үзбей күтіп жүргеніне 24 жыл болды...

Хабардың жүргізушісі – Қымбат Досжан, редакторы – Әсел Асқарқызы +7707535538