Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Көлік кептелісінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады?

Көлік кептелісінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады?

Әдетте кептеліс көлік тізгініндегі адамды шаршатады. Бірақ, рөлде сергек отырудың да жақсы амалы бар. 

• Ең алдымен сабырлы болыңыз. Сіз қанша ашуланғаныңызбен алдыңыздағы көліктерді жолдан алып тастай алмайсыз. Одан да жақсы ойда болыңыз. Межелі жерге ашуланып жеткеннен гөрі, сабыр сақтап барған әлдеқайда дұрыс. 

• Көлігіңізге өзіңіздің сүйіп тыңдайтын әндеріңізден тұратын күйтабақ салып қойыңыз. Жаныңызға жағатын әсем ән – көтеріңкі көңіл сыйлайды. 

• Кептелісте уақытты тиімді өткізудің тағы бір жолы – білім үйрену. Мысалы, шет тілін оқыңыз. Тілді үйрену үшін әр күн сайын 1 сағат уақытты арнау керек. Терезеге қарап уақыт санап отырғанша шет тілінің аудиосабақтарын тыңдау сізге оң септігін тигізеді әрі көмекші болады. 

• Жол кептелісінде уақыт зая кетпес үшін жақындарыңызға қоңырау шалып сөйлесіп қойыңыз. Динамикамен немесе құлаққаппен сөйлесу желілерде хат жазысқаннан әлдеқайда жақсы әрі жолда қауіпті емес. 

Дерегіміз керегіңізге жарасын!

Өзге де пайдалы кеңестерді хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.

«Керек дерек» хабары әр сәрсенбі сағат 9:35-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.