Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шайым Шаваевты еске алу кеші өтті

Шайым Шаваевты еске алу кеші өтті

Қазақ радиосының «Бәйтерек» хабарында ұйғыр жазушысы, драматург Шайым Шаваевтың шығармашылығы жайлы айтылды.  

Жақында Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында ұйғыр халқының белгілі қаламгері, Елбасы стипендиясының иегері, жазушы әрі ақын, ұйғыр театрының әртісі және режиссері Шайым Шаваевтың 80 жылдығына арналған «Бауыр басқан жырлар» атты еске алу кеші өтті.

«Ұлттық кітапхана мұрағатының көмегімен үлкен көрме ұйымдастырдық. Кешке көрнекті ақын-жазушылар, ғалымдар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Көрмеде тек кітап, журналдар ғана емес, Шайым Шаваевтың театрда қойылған туындылардың афишалары да ұсынылды»,- деді кітапхананың мәдени бағдарламалар және көрмелер жұмысының бөлім жетекшісі Жанар Алпысбайқызы.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шайым Шаваев 1938 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында туған. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының театр факультетін 1965 жылы бітіріп, кейіннен Алматы өнер институтының режиссер дайындайын бөлімін тәмамдаған. Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші, «Ұйғыр әдебиеті» бөлімінің жетекшісі, 1970-1980 жылдары Қазақ театр қоғамында аға кеңесші болып жұмыс істеді. Әдебиетшінің прозалық шығармалары 1996 жылы баспадан шыққан «Қарапайым кісілер» атты жинаққа енді. «Қол қойылмаған хаттар» атты кітабы 1970 жылы, ал «Кестелі тақия» туындысы 1977 жылы жарық көрді. Шайым Шаваевтың Республикалық Ұйғыр театры сахнасында «Сенің қара көздерің» атты драмасы 1976 жылы, «Ағам үйленді» атты комедиясы 1978 жылы, «Билал Назым» атты драмасы 1981 жылы қойылды. Ол қазақ, орыс жазушыларының шығармаларын ұйғыр тіліне аударды.