Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Электронды кіріп-шығу картасы қолданыстан шығуы мүмкін

Электронды кіріп-шығу картасы қолданыстан шығуы мүмкін

Астаналық өнертапқыштар қызметкерлердің жұмысқа кіріп-шығу уақытын бақылайтын ерекше құрылғы ойлап тапты.

«Клокстер» компаниясы қызметкерлердің жұмысқа кіріп-шығу уақытын бақылайтын құрылғы ойлап тапты. Саусақ ізі арқылы жұмыс істейтін құрылғы қызметкерлердің аты-жөні мен уақытын бірден базаға енгізіп, басшылыққа жібереді.

«Клокстер» ЖШС-ның клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджері Арайлым Мадиярова Қазақ радиосының «Өнер тапқыш» хабарына берген сұхбатында жобаның ерекшеліктері туралы айтты.

«Клокстер – қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу және бақылау жүйесі. Бұл әлемнің кез-келген нүктесінен, кез-келген компьютер немесе телефон арқыры қолданылу мүмкіндігі бар веб-қосымша. Жобаны әзірлеген – қазақстандық мамандар. Яғни, отандық өнім. Қызығушылық танытатындар көп. Бұл құрылғы өте қолайлы. Қызметкерлердің таңертең келу және кешке қайту уақытын есептей отырып, айлық қорытынды шығарады. Бұл жүйенің карточкадан айырмашылығы, карточканы басқа бір адамға бере салуға болады әрі жоғалтып немесе үйде ұмытып кету де мүмкін. Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік қызметте де осы жүйені енгізу жоспарда бар»,- деді Арайлым Мадиярова.