Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақиқат пен аңыз

Ақиқат пен аңыз

«Екінші Дүниежүзілік соғыстың батыры ретінде кімді атар едіңіз?» деген сұраққа Фидель Кастро: «Александр Бектің «Волоколамское шоссе» кітабының қаһарманы – қазақ Момышұлы»,- деп жауап беріпті.

Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы осы даңқты каһарман, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына арналған. Романда оның азаматтық, ерлік тұлғасы сипатталады. Жастық шағынан бері Совет армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңі, Екінші Дүниежүзілік соғыстың отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолы шынайы фактілер аясында қызықты баяндалады. Романның жазылу формасы да ерекше. Оқиға бастан-аяқ автор мен кейіпкердің диалогы арқылы өрілген.

Бүгін сағат 23:00-де Қазақ радиосы мен Ұлттық аударма бюросының бірлескен жобасы «Көкжиек» бағдарламасынан жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын тыңдай аласыздар (26-бөлімі).

29 бөлімге топтастырылған роман 12 ақпанға дейін жалғасады. Бағдарлама редакторы – Альмира Елімсары.