Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қайырымдылық – қайырлы іс

Қайырымдылық – қайырлы іс

Қазақ радиосындағы «Мың алғыс» хабарының кезекті саны Болат Тұңатарұлына арналады.

Болат 24 жаста. Алматы облысы Райымбек ауданы Шəлкөде ауылының тұрғыны. 2004 жылы сол жақ аяғында өлі ет пайда болды деген диагнозбен Алматы қаласының облыстық ауруханасында емделеді. 2005 жылы аяғына операция жасалады. Алайда ем-шара нәтижесіз болып, аяғы 2-3 есеге үлкейіп кеткен. Мектеп бітіріп, өмірдің тағы бір белесіне қадам басар сәтте, 2012 жылы Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығында тағы да операция жасатуына тура келеді. Дерттің түбі үзілмей, әр 3-6 ай сайын қайталанып отырған. Бүгінге дейін оннан аса операция жасалыпты.

Болаттың мұндай ауыр сынақпен күресіп келе жатқанына 15 жылдан асты. Соңғы тексеріс нәтижесінде қызыл тамыр мен көк тамыр қосылып, қан айналым жүйесі бұзылған.

Адам денесінде 5 литр қан болса, Болаттың сол жақ аяғының өзінде 3 литрден астам қан жиналған. Бұл дерттен сауығу үшін Кореяда операция жасатуы тиіс. Әрине, оның барлығы қаржыға келіп тірелетіні анық. Ем-шараның құны шамамен 19 000 000 теңге.

Құрметті оқырман, «көп түкірсе көл» деген. Болаттың басындағы жағдайға бей-жай қарамай, көмек беруге ұмтылсақ, қажетті сома тез-ақ жиналары сөзсіз.

«Мың алғыс» хабарын «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» Youtube арнасынан және Facebook әлеуметтік желісінен көре аласыздар.

Хабардың редакторы - Амангүл Ермекқызы