Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін дүниежүзілік радио күні

Дүниежүзілік радио күні (World Radio Day) – 2012 жылы алғаш рет атап өтілген мереке. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 2011 жылы аталған мерекені жыл сайын 13 ақпанда тойлау бекітілген болатын. Бұл күнді белгілеудегі басты себеп – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасқан стансадан 1946 жылы 13 ақпанда «БҰҰ радиосы» эфирге жол тартты.

ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, жер шарында 44 мыңнан астам радио стансасы бар екен. Радио – ХІХ ғасырдан бері кеңінен қолданылатын ақпарат құралы. Шұғыл ақпарат таратуда радионың маңызы және халықаралық радиохабар таратушылар арасындағы ықпалдастықты арттыруды көздейтін мереке әр жыл сайын өзіндік тақырыппен атап өтіледі. Биылғы «Дүниежүзілік радио күнінің» тақырыбы – диалог, төзімділік пен бейбітшілік.

Ал, ұлттың үнжариясы – Қазақ радиосы 1921 жылдан бері хабар таратып, айшықты оқиғалар, сүбелі сұхбаттар мен рухани-мәдени құндылығы жоғары бағдарламаларды тыңдаушылар назарына ұсынып келеді. Ұрпақтар сабақтастығына айрықша көңіл бөлетін қарашаңырақ жыл сайын бағдарламалар тізбегін жаңартып, ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосуда. Жүз жылдық тарихы бар Қазақ радиосы еліміздегі барлық радио ұжымдарын айтулы мерекесімен құттықтап, тыңдаушылардың ыстық ықыласы мен еңбек жолында қажырлы қайрат тілейді! Мереке құтты болсын!!!