Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қола дәуіріндегі адамдардың діни түсініктері

Қола дәуіріндегі адамдардың діни түсініктері

Қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір орталық Қазақстан мен шығыс Қазақстан. Бұл жерде жерлеу рәсімдерінің ескерткіштері көптеп кездеседі. Мұны металургияның кеңінен дамығанымен байланыстыруға болады.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде денесі сол жағына бүгіліп, басы шығысқа не батысқа қаратып жерленген мәйіттер табылды. Мәйітті жатқызып қоюмен қатар, оны өртеген обалар да кездеседі. Ерлерді сол иығымен, әйелдерді оң иығына қарата жерлеген. Зерттеушілер соған қарап әйел не еркек екенін ажыратқан. Бүгулі жатуы – адам ананың жатырында эмбрион қалай жатса о дүниеге де солай кету керек деген сенімнен пайда болған. Өртеп жерлеу Федорвтық мәдениетте кездеседі. Біздің мәдениетімізге жат. Яғни, бұл жерде басқа этностың келуімен байланыстыруға болады. Олар неге келді? Біздің жердегі бай металлургия үшін. Олар отқа, күнге табынған. Бізде соның әлі жарқыншақтары бар. Отпен аластау, отқа май құю деген сияқты.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Көне көмбе» Хабарында айтылды. Студия қонағы- археолог, этногроф Ұлан Үмітқали. Эфир барысында қола дәуіріндегі адамдардың діни түсінік, көзқарастары, әдет-ғұрыптары жайында кеңінен айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Ғалия Есқұлова.