Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Күй – халықтың рухани азығы

Жанғали ЖҮЗБАЙ: «Ән, күй, терменің аз тыңдалуы – өзінің туған халқының өнерін сүймейтін ұрпақ қалыптастыруы мүмкін...»

Ең алғаш «Шалқар» ұлттық радиосының эфиріне 2009 жылы шыққан «Сал домбыра» хабары, сәрсенбінің сәтінде жалғасын «Қазақ радиосынан» тапты.

Студия қонағы болған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші, өнертанушы Жанғали Жүзбай Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы мыңжылдық музыкалық фольклорға байланысты өз ойын ортаға салды. Оған кәсіби күйші әрі ғалым ретінде көзқарасын анық білідіріп, талдау жасады. Ол «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне «Отандық фольклортанудың мақсаттары мен міндеттері» деген атпен жарық көрді.

Күйшінің айтуынша, әдеби фольклор мен музыкалық фольклор ғылымдары жеке-жеке зерттеу жасамай, бірігіп кешенде түрде зерттеу жасау керек. Мысалы , күй жинаған шығару үшін, «Аңшының зары» күйін алар болсақ, әдеби фольклористика аңыз-әңгімесін, музыкалық фольклор сарынын, музыкасын, тарих күйдің дәуірін, кезеңін талдауы керек.

Тарих, жағрафия, этнография, этнология, музыкатану, филология, театр, т.б. сынды кәсіби ғылым салалары бас қосып, тұтас болып музыкалық туындыларды зерттесе, кейінгі ұрпаққа таптырмас көмекші құрал болар еді.

Бүл күнде күйдің, әннің, жыр-терменің аз тыңдалуы, кісіден жасыратын сыр емес. Бұның ар жағында өзінің туған халықының өнерін сүймейтін ұрпақ қалыптасуы мүмкін деген қауіп жатыр. Әрине, жаһандық мәдениет әр заман ыңғайына байланысты басқаша қалыптаса береді. Оны тоқтататын күй жоқ. Осылардың арасында сынамалап отырып, өзіміздің ұлттық өнерге бір құрмет жасау керектігін Елбасы айтқанда, ұйқымыздан ояндық.

«Күй деген әсем музыка ғана емес, қазақ деген халықтың рухани ұлттық нышанын анықтайтын коды» деп Елбасы қадап айтты. Себебі, кез келген халықтың, ұлттың, этностың мінезін, құлқын, әрекетін, қабылетін танытатын – музыка өнері. Ол күй бола ма, ән бола ма, дастан, жыр бола ма?!.

Жанғали Әлімханұлы кез келген күйдің мәдениеті болатындығына тоқталды. «Күйшіні қолқалап күй сұрағанда тартылатын күй – «күй басы» , одан кейін тараулатып тартылатын күйлер бар, күйді қорытындылайтын «күйдің соңы» болады. Мысалы, Сүгірдің «Кертолғауынан» кейін күй тартылмайды. Күй тартудың осындай мәдениеті болған», - дей келе Сүгірдің «Қаратау шертпесін» шертіп берді.


Хабар авторы: Ерлан Рысқали 

Жүргізуші: Жадыра Жұмакүлбай

Эфир уақыты: Сәрсенбі 16:35