Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қайырымдылықтан қалыс қалма

Қайырымдылықтан қалыс қалма

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі «МЫҢ АЛҒЫС» атты қайырымдылық шарасының мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру, қайырымдылық көрсетіп жүрген жомарт жандарды көпке үлгі ету. Сондай-ақ, жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін еске салып, осы игі істің маңызы зор екенін жеткізу.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап, осы уақытқа дейін аталмыш шара аясында мұқтаж жандарға 56 000 000 теңге қаражат көлемінде көмек көрсетілді. Оның 3 миллионы 2018 жылы алғаш ұйымдастырылған «Мың алғыс» қайырымдылық кешінде жиналған еді. Аталған кеш «Қазақстан» орталық концерт залында өткен болатын. 2 жасында көзі көрмей қалған Дүрдана 14 жылдан кейін жарық дүниені көріп, әнші Гүлнұр Оразымбетовамен ән шырқады. Көрермендер жинаған қаржының жалпы сомасы 690284 теңгені құрап, туғаннан көзі көрмейтін 1 жасар Арманның ата-анасына табыс етілді.

Одан бөлек, Арманның Ресейге емделуге баратын жол шығынын Болатбек Жоланұлы есімді азамат көтерсе, емделуіне кететін 2 млн теңгені белгілі исламтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы мен Шымкентік кәсіпкер, «Ернияз» компаниясының бас директоры Ербол Дайраш берген еді.

Ал қалған 53 миллион теңге «Мың алғыс» бағдарламасы барысында жиналғанын, бұл дегеніміз қайырымды жандардың тағдыр теперішін тартып, көмек сұрай келген кейіпкерлерге деген жанашырлығы мен ізгі ниеттің көрінісі екендігін атап өткіміз келеді.

«Мың алғыс» қайырымдылық шарасы жайлы «Атымтай» хабарында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.

«Атымтай» хабары әр аптаның жұма күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.