Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қайырымдылық – қайырлы іс

«Қайыр – ол садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). («Бақара» сүресі, 272-аят) Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің».

Қазақ радиосының «Ықылас» хабарында «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай және ҚМДБ «Зекет» қорының үйлестіруші бас маманы Нұркен Ержанұлы қонақта болды. Бағдарлама барысында жақсылық жасау адамның негізгі атқарар жұмысы екендігі айтылды. Шағырай шешеннің, «Өзін ғана ойлаған, 

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

Үлгілі сөз білмеген,

Надандықтың белгісі.

Бар-жоғынақарамас,

Анық жомарт, еркісі»,- деп атқан өлеңі хабардың өзегі болды. Сондай-ақ, ата дініміз исламдағы «зекет», «садақа» атаулары әңгіме арқауына айналды. Сал-дәстүр мен ислам діні сабақтасқан сөзде қайырымдылық жасау – ұлттық құндылықтың бір бөлігі екені де баяндалды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы әрі жүргізушісі- Мұхамедәли Болатұлы