Жаңартылған білім беру бағдарламасы
Қазақ радиосының «Көне көмбе» хабарында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың докторанты, әдіскер, тарихшы, 7-9 сыныпқа арналған тарих оқулықтарының авторы Қайыркен Әдиет, филология ғылымдарының кандидаты Ұлан Еркінбай және археолог, этнолог Ұлан Үмітқали қонақта болды. Хабарға негіз болған тақырып: Жаңартылған білім беру бағдарламасы.
Жаңартылған бағдарлама, яғни Еуропаның оқулық жасау стандарты бізге жат. Білім берудің отандық моделін қалыптастыру қажет. Бізге білімді, саналы, рухы мықты азамат тәрбиелеу үшін жас буын санасына ең алдымен өз тарихын, тілін, ділін, білімнің нақты, негізгі тетігін сіңіруіміз керек. Оқулықтың тілін жатық, баланың жас мөлшеріне сай етіп жазу керек. Білім және ғылым министрлігінің жанынан оқулықты сұрыптап шығаратын орталық ашып, онда тарихшылармен қоса міндетті түрде археологтар мен тіл мамандары жұмыс істеуі тиіс.
Толық ақпарат аудионұсқада.
Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Ғ.Есқұлова.