Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мүсілім Абдуллиннің «Алтын қордағы» дауысы

Мүсілім Абдуллиннің «Алтын қордағы» дауысы

Өнер құдіретті әрі киелі. Ол кез келгенге есігін аша бермейді. Онда сұлу сазға бөленген ғашық жүректі өнер иесіне ғана жол ашық. Бала жастан жыр-дастандарды тыңдап өскен Мүсілім Абдуллинді киелі өнер жатсынған жоқ. Сұңғыла саз, сұлу әннің құдіретін түсіне білген ол тамаша дауысымен тыңдарманын бірден үйіріп әкететін.

Мүсілім Абдуллин ондаған қазақ операларында, атап айтсақ «Айман-Шолпанда» Арыстанды, «Қыз Жібекте» Төлегенді, «Ер Тарғында» Сақанды, «Амангелдіде» Зілқараны, тағы басқа да тариқи тұлғаларды жасады. Оның әр жасаған образдары халық көңілінен шығып, ықыласқа бөленді. Шетел операсынан да ариялар орындады.

Бүгінгі «Дәуір үні» хабарынан сіздер Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мүсілім Абдуллиннің «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар. Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мүсілім Абдуллиннің дауысы 1986 жылы үнтаспаға жазылған.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.

«Дәуір үні» хабары әр аптаның дүйсені, сәрсенді күндері сағат 15:15-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.