Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жылқы мінезді қазақ

Дүйсенбі күні Қазақ радиосының эфиріне шыққан әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның қоңыр әңгімесі «жылқы мінезді қазақ» тақырыбында өрбіді. «Ер қанаты – ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Жылқы мінезді жұрттың адам ұғлының мінезін, өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі – бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел», - дейді хабар жүргізушісі.

Жылқы дала өркениетіндегі дамудың жарқын көрсеткіштерінің бірі. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғанын зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Бекболат Тілеухан осы хабарында қазақ пен жылқы арасындағы байланыс, терминдік сөздер төңірегінде де әңгіме өрбітті.

«Қоңыр әңгіме» хабары әр аптаның дүйсенбі күні сағат 20:00-де Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Хабар жүргізушісі: Бекболат Тілеухан.