Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үйлену оңай, үй болу қиын

Үйлену оңай, үй болу қиын

Сандарды сөйлетсек, сай-сүйегің сырқырайды. Стастистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда 137 мың¬нан астам жас шаңырақ көтеріпті. 2017 жылмен салыстырғанда 5 мыңға аз. Керісінше ажырасушылар көбейген. 2010 жылы 146 мыңдай неке тіркеліп, 41 мыңдай отбасы ажырасса, былтыр бұл көрсеткіш 137 мыңға бір-ақ түсіп, оның 55 мыңға жуығының шаңырағы шайқалған.

Отбасылық өмір салтының құлдырауы – әлемдік тенденция десек, бүгінде сол тенденцияның төрінде тұрмыз. Қазақ үшін отбасы құндылығының басында үйдің отағасы тұрған. Алайда ажырасудың салдарынан әкесіз өсіп жатқан ұрпақ көбейді. Алаңдайтын ахуал да – осы. Британдық Economist басылымының статистика мәліметтеріне сүйенсек, ажырасу саны жағынан көрші қырғыз елі әлем бойынша – 48-орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда ажырасу көрсеткіші 1,8 пайыз болса, ал 17 миллион ғана халқы бар Қазақстан алғашқы ондыққа кірген (мың адамға шаққанда ажырасу көрсеткіші – 2,8 пайыз).  

50 жылдары әрбір жүзінші отбасы ажырасса, 80 жылдары әрбір төртінші, ал 90 жылдары әрбір үшінші отбасында ерлі-зайыптылардың жолдары екі айырылатын болған. Қыздарымыз қалыңмалдың құрбаны болды деген қазақ қоғамында да мұндай ажырасу болмаған. Ал енді қалағанына қосылып, қол ұстасатын жаңа заманда қасиетті некенің қадірі неге қалмады? Отбасын құру шынымен ойыншыққа айнала бастады ма? Осындайда Құнанбай мен Абайдың дауласып қалып, «Сен мықты болсаң, өзіңдей ұл тудырып ал» деген әкенің сөзі еске түседі. Осы бір-ақ ауыз сөзде Құнанбайдың барлық арман-мұраты жатқандай. Біздің қоғамның әкелері баласын Абайдай етіп тәрбиелеуге құлықты ма? Жауапкершілікті сезіне ала ма? Не десек те, қоғамда әке рөлінің кішірейіп, имиджі ақсаңдап тұрғаны рас. Мүмкін, әкелер институтын қолға алып, тағылымы мен тәрбиелік мәні мол бастаманы жан-жақты дамыту жөн болар. 

Мәселе толғандыра ма? Онда Гүлжан Рахманның «ӘКЕЛІ БАЛА – ЖАУЖҮРЕК, ӘКЕСІЗ БАЛА – СУЖҮРЕК» мақаласын «Айқын» газетінен оқыңыздар, - дейді журналист Қазақ радиосындағы «Медиа шолу» хабарында. 

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали. 

Толық ақпарат аудионұсқада.