Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қайырымдылық жаса, алғыс ал

Қайырымдылық жаса, алғыс ал

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі «МЫҢ АЛҒЫС» қайырымдылық шарасын бастады. Шараның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру, қайырымдылық көрсетіп жүрген жомарт жандарды көпке үлгі ету. Сондай-ақ, жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін еске салып, осы игі істің маңызы зор екенін жеткізу.  

Қайырымдылық жобасы аясында Қазақ радиосының Алматы студиясы 23 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық оркестрінің концерт залында «Мың алғыс» хабарының кейіпкері, Алматы облысы Райымбек ауданы Шəлкөде ауылының тұрғыны 24 жастағы Болатқа арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізеді. Ол 2004 жылы сол жақ аяғында өлі ет пайда болды деген диагнозбен Алматы қаласының облыстық ауруханасында емделеді. Соңғы тексеріс нәтижесінде қызыл тамыр мен көк тамыр қосылып, қан айналым жүйесі бұзылғандығы анықталды. Адам денесінде 5 литр қан болса, Болаттың сол жақ аяғының өзінде 3 литрден астам қан жиналған. Бұл дерттен сауығу үшін Кореяда операция жасатуы тиіс. Әрине, оның барлығы қаржыға келіп тірелетіні анық. Ем-шараның құны шамамен 19 000 000 теңге. Болаттың басындағы жағдайға бей-жай қарамай, көмек беруге ұмтылсақ, қажетті сома тез-ақ жиналары сөзсіз.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Атымтай» хабарында айтылды.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.