Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мақсатты тек азат, ерікті адам қоя біледі

Мақсатты тек азат, ерікті адам қоя біледі

Адам мен адамгершілік – қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, кез-келген азаматты тегіс толғандырған. Қазақ тумысынан философ халық емес пе? Оның философиясындағы негізгі тақырып – адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер. 30 жылдан астам  Қазақстан ұлттық арнасында қызмет етіп,  игі жақсыларымен кездесіп, сұхбат алған Баян Балтабайқызын да толғандыратын осы дүниелер.

Кейде өмірде өзімізге не керек екенін түсінбейтін кездер болады. Тіпті, алға қойған мақсатымыз да жоқ секілді көрінеді. Мәселен, сіз отбасында, мансап жолында, махаббатта нені қалайсыз? Осыларды нақтылап алғанда ғана арманға қарай қадам басуға мүмкіндік бар. Өмірдің мазмұны қойылған мақсаттармен айқындалады.

«Мақсатты тек азат, ерікті адам қоя біледі. Құл мақсат қоя алмайды» деген қағида бар. Демек, ерікті тұлға мен еркі жоқ адамның айырмашылығы да олардың мақсаттарында жатыр. Құл қожайынның мақсатын жүзеге асыратындықтан, ол өз әрекеттеріне мақсат қоймайды. Оның жасап жатқаны өзінің жұмысы емес. Ол әрекетті біреудің айтқанымен ғана жасайды. Сол себепті де құл өз әрекеттерінің мәнді болуына еш мүдделі емес, өз жұмысының нәтижесі де оны қызықтыра қоймайды. Құлға ең бастысы – уақыт өтсе болғаны. 

Бала кезімде әкем: «Айтқызбай жасамайсың ба! Айтқызып жасайтын сен құл емессің ғой!» деп айтушы еді. Шынында да ерікті адам алдына мақсат қойып, іс-әрекеттерді саналы түрде жасайды, ал құлға сөз жұмсау керек, оны жұмыс жасауға мәжбүрлеу керек. Бұл әке тәрбиесінің бір көрінісі. Біз әке тәрбиесін көріп өстік. Ал қазіргі таңда жағдай қалай? Ер бала тәрбиелеудің ерекшеліктері қандай?

Толығырақ Қазақ радиосының «Көңіл көзі» хабарында.

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.