Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Иштван Мандокидың сұхбаты

Иштван Мандокидың сұхбаты

Біз үшін болашағымызға бағдар етіп, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Бұл ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – Тәуелсіз мемелекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде қазақ тарихын әріден іздеу керектігін айтқан болатын.

Азаттық – Ұлы даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткізген халықпыз. Небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешіріп, тағдырдан талай теперіш көрседе, рухын жықпаған қазақ бүгінде тәуелсіз ел болып, барша жұрттың баласын бауырына басып отыр. Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, тәуелсіздікке тәу етуден артық бақыт бар ма?! Сол бақытты Мажарстанның Қарсақ қаласында дүниеге келген әйгілі қыпшақтанушы, түрколог ғалым Иштван Мандоки Қазақстанға келгенде толық сезініп еді ғой. 

Өзін қыпшақпын деп әңгіме өрбіткен Иштван Мандоки Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркі халықтары арасындағы тарихи-мәдени байланысты терең зерттеген ғалым. Қазақ тілін білген адам барлық түркі халықтырының тілін үйрене алады,- деген екен бір сөзінде. Қазақ радиосының «Дәуір үні» хабарынан 1992 жылы үнтаспаға түскен Иштван Мандокидың сұхбаты берілді. Мұндағы мақсат Елбасының жоғарда айтқан тарих жайлы сөзінің айна-қатесіз екенін тыңдарманға тағы да ұғындыру.  

Толық ақпарат аудионұсқада. 

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.