Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәриям Хакімжанованың сыр-сұхбаты

Мәриям Хакімжанованың сыр-сұхбаты

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Дәуір үні» хабарының бүгінгі шығарылымынан Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.

Мәриям Хакімжанованың шыр етіп дүниеге келіп, кіндік қаны тамған жері «Мезгіл» деп аталады. Қостанай өңіріндегі кішкене ғана қыстақ. Оның қазір орны да қалған жоқ, есесіне сол Мезгілдің перзенті ақын Мәриям Хәкімжанова қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосты. Мезгіл - уақыт ырғағы. Дәуір бөлшегі, ғасыр кезеңі. Осы ұғымды Мәриям өмірімен ажыратып ала алмайсың. Өйткені ол мезгіл жыршысы еді.

Қазақ өнері мен әдебиетінің іргетасын қаласып, соның ауыр жүгін көтеріп, өркендеп, гүлденуіне бар ғұмырын арнаған жандар жайлы әңгіме қозғаған кезде Мәриям Хакімжанова ерекше бір ерен сезімнің құшағына еніп кетуші еді. Көкейінен де түйдек-түйдек сөз ақтарылып, рахаттана әңгімелеп, шалқып кететінді.

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәріиям Хакімжанованың сыр-сұхбаты Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған екен. Ол 1982-ші жылы үнтаспаға жазылыпты.

«Дәуір үні» хабары әр аптаның дүйсені, сәрсенді күндері сағат 15:15-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.