Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«KazSat-2» спутнигі алмастырылады

«Шалқар» радиосындағы «Құтты қонақ» бағдарламасында Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Молдабекұлы қонақта болды.

«2023 жылы «KazSat-2» спутнигі «KazSat-2R» спутнигімен алмастырылатын болады. «KazSat-2R» телекоммуникациялық спутнигін пайдалануға берген сәттен бастап кем дегенде 15 жыл белсенді жұмыс істеу мерзімімен іске асыру жоспарланып отыр»,- деді Мейірбек Молдабеков берген сұхбатында.

«KazSat-2R» ҒА ресурстары «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде спутниктік байланыстың бекітілген арналарын ұйымдастыру үшін қолданылатын болады. Бұл интернетке тегіс кеңжолақты қолжетімділікті, соның ішінде елдің жетуі қиын селолық елді мекендерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің – Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанның түпкі тұтынушыларына (мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар, корпоративтік және жеке секторлар) телекоммуникациялық қызметтерді беру мақсаты да көзделіп отыр.

«РҒБО» АҚ 2016 жылы жобаны іске асыруға кірісті. Компанияның мамандары инвестициялық ұсыныс әзірледі. Оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мақұлдады. Қазіргі кезде «РҒБО» АҚ «KazSat-2» ғарыш аппаратын жоспарлы ауыстыру үшін «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме және техникалық тапсырма әзірлеуде.

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.

Сұхбатты жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.