Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Археология KZ» сайты ашылады

Қазақ радиосының эфирінен өтетін «Көне көмбе» хабарында ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Айбар Қасеналин және археолог, этнолог Ұлан Үмітқали қонақта болды.

«Туған жеріміздің тарихымен терең таныстыру мақсатында «Археология KZ» сайты ашылғалы жатыр. Дәлірек айтқанда осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады. 1966 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі археология саласында болған жаңалықтар мен мыңға тарта ескерткіштер еніп отыр. Археологияға қызығушылық танытатын кез келген адам өзіне қажетті нақты ақпарат ала алады. Сайт үш тілде жұмыс жасайды: қазақ, орыс, ағылшын. Ал археолог мамандар үшін ақпарат бөлек. Ол үшін сайтқа тіркелу қажет. Бұл қауіпсіздік үшін жасалынып отыр. Өйткені «жабайы» археологтар қаптап кетті. Ұрланып жатқан жәдігерлеріміз өте көп»,- дейді Айбар Қасеналин сұхбат барысында.

Толық ақпарат хабардың видео және аудионұсқасында.

Хабардың редакторы- Ғалия Есқұлова.