Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қайырымдылық дүкені

Қайырымдылық дүкені

Қарағанды қаласында екі жылдан бері «Хадия» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді. Мұнда қала тұрғындары мұқтаж жандарға киім-кешек, азық-түлік, кеңсе тауарларын және басқа да тұрмысқа қажетті заттар әкеліп өткізеді.

Сондай-ақ дүкен ішінде қайырымдылық жəшігі орнатылған. Оған жиналған қаражат аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналардың тұрғын үй төлеміне жұмсалады.

«Хадия» дүкенінің ұйымдастырушысы Марат Түсіповтің айтуынша, қайырымдылыққа үндейтін бастаманың мақсаты көп балалы жəне аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға жəне тұрмыста қиын жағдайға тап болған мұқтаж жандарға көмектесу.

Қазіргі таңда «Шығыс» сауда үйінің ғимаратында орналасқан «Хадия» дүкені арқылы 600-ге таман адам көмек алған. Еріктілердің көмегімен ашылған «Хадия» қайырымдылық дүкеніне келе алмайтын жандарға азық-түлік пен заттарды апарып беретіні де бар.

Бұл туралы «Атымтай» хабарында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.

«Атымтай» хабары әр аптаның жұма күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.