Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сан қырлы талант иесі

Сан қырлы талант иесі

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданына қарасты Бөке кентінде дүниеге келген. Мектептен кейін Аягөз педучилищесінде дәріс тыңдайды. Одан кейін Қазақ Мамлекеттік университетінің журналистика факултетінде білім алды. Мұғалым, мектеп директоры болып еңбек етті. «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болды. 1969-1986 жылдары Қазақстан ғылымдар академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті.

Сырты нұрлы, іші жырлы да сырлы әлемге өзінің бар ғұмырын арнаған Тұрсынхан Әбдірахманованың да болмысы бөлек жан. Поэзия патшалығында бекзаттылығымен, ән әлемінде сыршылдығымен, ғылым мұхитында даралығымен танылған талатты тұлғаның өмір өнегесі көпке үлгі. Ол Күләш Байсейітова мен Рахия Қойшыбаеваның көңілінен шығып – әнші, Мәриям Хәкімжанова, Сырбай Мәуленов мойындағын – ақын, сосын Мұхтар Әуезовке бағалаған ғалым болып, үш салада өнімді еңбек етті. Тұрсынхан апамыз әңгіме бастаса алдымен ауызға Мұхтар Әуезовты алатын. Сонын бір куәсі Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған мына сұхбаты болса керек.

Қазақ радиосынан берілетін «Дәуір үні» хабарының кезекті шығарылымынан филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.

«Дәуір үні» хабары әр аптаның дүйсені, сәрсенді күндері сағат 15:15-те Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

 Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.