Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тектілік

Тектілік

Тектіден текті туады,
Тектілік тұқым қуады.
Тектілердің тұяғы, 
Таңдайды құз-қияны. 
Шын тектілер халқы үшін, 
Өлімге басын қияды. 
Жақсы, жаман деместен, 
Жанына жұртын жияды...

Бекасыл әулие осылай депті. «Көңіл көзі» хабарында көтерілген тақырып осы тектілік туралы болды. Студия қонағы - ақын Азамат Малжанбай. 

Текті де терең тамырлы бай тарихы бар қазақ халқы қашанда асылы мен жасығын, жаманы мен жақсысын парықтауға айрықша мән беріп, тектілік қасиетті биік-деңгейге көтерді. Ата қазақ келешек ұрпағының кемел болуы үшін өзіне талапты биік қойған. Зерделі, тапқыр, жігерлі, қайратты, ақылды, білімді болып өсуді ер жігіттің басындағы асыл қасиеттерге балаған. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болып өссе; «Оның әкесі жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой»,- дейді. Ақын Азамат Малжанбай осы тектілік туралы поэма жазған ақын.

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.