Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада 30 мың адам құлшылық ете алатын мешіт салынуда

Елордада 30 мың адам құлшылық ете алатын мешіт салынуда

Елордада бір мезетте 30 мың адам құлшылық ете алатын мешіттің құрылысы басталды. Алланың үйін діни ғана емес, мәдени нысанға да айналдыру көзделіп отыр. 

Мешіттің құрылысын бастауға батасын берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «болашақта елорданың бас мешітін көру үшін жиһанның түкпір-түкпірінен туристер келуі тиіс», - деді.

Еліміздегі сыйымдылығы бойынша ең үлкен мешіттер көшін бұған дейін «Әзірет Сұлтан» бастап келген еді. Бас қаладағы Алла үйінде бір мезетте 10 000 адам құлшылық ете алады. Одан кейінгі орында 7 мың адам сыятын Алматы қаласының орталық мешіті тұр. Одан кейін елордадағы 5 мың орындық «Нұр-Астана» мешіті. Қысқасы, болашақта күмбезін күн сүйетін ең ірі мешіт күллі әлемді әсемдігімен таңғалдырмақ.   


Қайнар көз: kaztrk.kz