Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ветеринария саласы ақсап тұр

Ветеринария саласы ақсап тұр

Мал шаруашылығына байланысты 2012-2018 жылдары аралығындағы реформа салдарынан қауіпті мал ауруларының кең таралуы шарықтау шегіне жеткен сияқты. Мәселен 2012 жылға дейін бруцеллезді анықтау үшін ИФА әдісі қолданылған болатын. Осының арқасында ауру фактілері әжептеуір қысқарған еді. Қазіргі кезде вакцинаның қолданылуына байланысты, сонымен қатар, ИФА әдісі диагностикадан мүлде алынып тасталғандықтан бруцелез ауруының шығу себебін нақты анықтау мүмкін емес. Қазақстан сыртқы нарыққа 60 мың тонна ет шығару керек деген амбиция халықтың денсаулығынан артық болып тұрған тәрізді,- дейді ветеринария саласының ардагері, Респуликалық эпизооитияға қарсы отряд мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Біржан Ерденов.

Оның айтуынша сәл күдік пайда болған кезде мемлекет тарапынан шектеу қойылып, мал иелеріне келген зардап үкіметтен толық төленіп, ауырған мал лезде жойылу керек. Сонда ғана әлемдік тәжірибеге сәйкес бұл дерттен тазаруға болады,- деп түйіндеді мәртебелі мейман.

Сонымен қатар, Ресейде пайда болған нодулярлы дерматит ауруы тек шекаралас облыстарда ғана емес, еліміздің орталық өңірлерінде де кең етек жайған екен. Оның дәлелі – дерматитке қарсы вакцинаның Қарағанды, Ақмола және Қызылорда облыстарында салынуы. «Егер бұл ауру осы аймақтарда тіркелмеген болса мемлекет тарапынан ақша жұмсап, алдын алу жұмыстарын өткізіп не керек?»,- дейді Ветеринарлар қауымдастығының жетекшісі Нұрлан Тұрғымбаев.

Осы және басқа да аурулардың таралу қаупін одан сайын ушықтырып тұрған малдың буферлік аймақтардан тыйым салынған облыстарға сатылуы. Әсіресе, оңтүстік өңірлерден (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан) аусылға қарсы егілген малдың солтүстік бағытта еттей және тірідей жеткізілуі. Журналисттік зерттеу барысында анықталған мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда осы контрабандалық механизм емін еркін атқарылып жүр екен. Облыс шекараларында тұрған бекеттерден мал беймарал өтіп, солтүстік өңірлерде сырға салынып, керек құжаты жасалып та қойылатын көрінеді. Осындай жаға ұстатарлық жағдайды болдырмау үшін құзырлы органдар сол бекеттерді қатал қадағалау керек дейді мамандар.

Толық ақпарат «Аграрлы Қазақстан» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы- Анас Ахатұлы.