Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қ.Деріпсалдин: Шығармашылығымның шарықтауы туған жерімнің әсерінен

Қ.Деріпсалдин: Шығармашылығымның шарықтауы туған жерімнің әсерінен

Қазақ радиосының «Жадымда қалған сол әуен» хабарында ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, сазгер Қалибек Деріпсалдин қонақта болды.

Сырлы да сазды әндерімен тыңдаушысының жүрегінен орын алған сазгер сәуір айының 25-і күні «Астана» концерт залында шығармашылық кешін өткізеді. Сазгердің бүгінде 100-ге жуық әні, 50-ге жуық күйі бар. Әндерін есімі елге танымал – Нұрғали Нүсіпжанов, Ғазиза Жұмекенова, Сүлеймен Ибрагимов, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Досымжан Таңатаров, Есет Сәдуақасов сынды әншілер орындайды.

Хабар барысында сазгердің өмір өнегесі, шығармашылығы әңгімеге арқау болды. «Шығармашылығымның шарықтап, шынайы әндерімнің келуі туған жерімнің топырағының әсерінен»,-деді Қалибек Деріпсалдин өз сұхбатында.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі- Ғалия Есқұлова.