Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Клара Қабылғазы: Ол кезде тас дәуіріндегі журналистер едік

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, журналист, білікті ұстаз Клара Қабылғазы қонақта болды. 

Радиожурналистиканы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісе отырып, журналитика саласының өзекті мәселелеріне қатысты өзіндік пікірін білдірді.

«Ұзақ жылдар бойы ұрпаққа білім дарыту, тәрбие беру ісімен айналысып келе жатсам да алғаш еңбек жолын аудандық газеттен бастағанымды мақтан етемін. Дипломды алған соң «Ильич жолы» деп аталатын аудандық газетке әдеби қызметкер болып орналастым. Ол кезде жұмысқа жіберетін оқу орнының өзі болатын. Газеттің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы екен. Алғашқы іссапарымның тапсырмасы қызылша технологиясы жөнінде болды. Плантацияға баруын барып, бригадирден сұхбатты алуын алдым. Ол кісі белгісіз кәсіби жаргондармен сөйледі. Ол кезде қазіргідей дыбыс жазу құралдары жоқ, қойын дәптеріме үлгергенімді «түртіп» алдым. Ертесінде мақалаға кірісейін десем, неше түрлі түсініксіз, бір-бірімен байланысы жоқ нәрселер жазыппын. Сөйтіп мақала жазылмады, өзім қызылша ағаштың басында, әлде жердің астында өсе ме, ол жағынан бейхабар екенмін. Яғни, жазатын тақырып төңірегінде дайындық та болмаған. Қазіргідей интернеттен алып жазу деген түске де кірмейтін кез. Сонымен газетте «дырка» бар, оны жасаған жаңадан келген журналист деген шу шықты. Газет тікелей аудандық партия комитетіне бағынады. Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ысқақ Дүйсекенұлы Молдафин деген кісіден сөгіс алдым. Алғашқы бата тиген өндірістік «таяқтан» кейін ширай бастадым. Қиындығы көп тас дәуіріндегі журналистер едік қой»,- деп Клара Қабылғазы журналистік сара жолды салып берген мектебі туралы әңгімеледі.

Сұхбатты толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.